5. Топтарға бөлініп, әр топ киіз үйді ғылыми тұрғыдан сипаттап, сұх- бат құрыңдар. 1. Тарихшылар тобы киіз үйдің шығу тарихы, киіз үйдің атқарған қызметі туралы таратып айтады. 2. Математиктер тобы киіз үйдің сәулет өнерінің туындысы екенін, оның күрделі геометриялық бөлшектерден тұра- тындығын дәлелдейді. 3. Физиктер тобы киіз үйдегі физикалық заңдылықтар туралы сөз қозғайды. 4. Астрономдар тобы киіз үйдегі астрономия заңдылықтары туралы айтады. 5. Этнографтар тобы киіз үйдегі қолөнер бұйымдарына түсі- нік береді.