Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден ерте озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. Олар - қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар - қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елін арқасына байлап, шыңға өрмелеп, елді сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас батырлар. Олар өзім деп қара басын ойлаған емес. Олардың бар мақсаты тәуелсіздік болды емес пе? Ғалымның хаты, жақсының аты ұмытылмақ емес. Олардың бізге салып берген сара жолы, бүгінде бізге дара жол болды.
Тәуелсіздік батырлары азаттық жолында құрбан болды. «Болашақ ұрпақ біздей күңгірт әлемде емес, күннің көзін көріп өссін, еркін болсын» деп армандап қана қоймай, осыны мақсат тұтты емес пе? Ал біз, батырлардың ұрпағы, олардың рухтарын қастерлеп жүрміз бе? Сол бір заманда біз өмір сүрсек, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асановады сын өр мінезді батырлар ел арасынан шығар ма еді? Иә, мұндай заман болса да, елім деп еңіреген ұлтжанды азаматтар табылмақ. Қандай қилы заман болса да, қазақ, қазақ болып қала бермек. Елімізге деген асқан сүйіспеншілік біздің қанымызда бар дүние.