5-тапсырма. Төменде берілген өлең жолдарынан етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғандығын анықтаңдар.
Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,
Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас.
Сол тоймастық - дүниені жамандатқан
Сен сөкті деп тағдырды қайта жоймас.
Шәкәрім
Талай тұлпар зорықты,
Талай гүлдер солыпты.
Талай таулар шөгіпті,
Талай жұлдыз сөніпті.
Талай көлдер суалған,
Талай емен қуарған...
Жебелі садақ толғаған,
Желекті найза қолға алған
Батырлар да өтіпті.
Қ.Аманжолов
Білдірдік елдің сырын,ердің құнын,
Еліріп ерегеске екі-үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халқымыздың жаңа білдік.
А.Байтұрсынұлы​

Намиг123 Намиг123    3   01.02.2021 10:48    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi