5-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Жаз шыға, бәріміз (әпкелерімді айтамын) Апам есіп берген жіпті алып,
тоғайға отынға аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда Апам, содан
кейін құндыздай шулаған біздер күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта
қыстық шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып
қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында...
Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның
іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған келісі
мен ескі астауы еді... Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен...
Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас
көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас
болған жыртық астау да қаңсып қалды, әне... Апам ала кеткен жоқ. Апам
менің...
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі
де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...

cvetok555 cvetok555    2   11.05.2020 09:53    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi