5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Оқиға қалай өрбіді? Әңгіменің Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған
Күшіктерді жоталарынан
тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр
молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен
тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екіаяқтылар
шиеленісуі, оқиғаның шарықтауы).
дауыстар естіліп, жақындап келе жатты.
жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бiрi үстіне
бірі үйіліп, бауырын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.
Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап, бар
күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап
отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұнын
біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін
алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр
жоқ болды. Ін қаңырап қалды.
Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып
жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді.
Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді.
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды...