5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты асырат. Көне түркі жазуы
Коне түркі жазуы - Орта Азия жерін бағалы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалар- дың тұңғыш өріптік жазуы. Көне түркі Орхон- Енисей әліпбиінде 35 өріп бар, әрбір әріптің түрлі графикалық нұсқалары қолданыла- ды. Бұдан тыс 4 арнайы таңба кейбір да- уыссыздардың тіркесін (лт, нт, нч, рт) беру үшін пайдаланылады. Жазудың бағыты оңнан солға қарай. Бұл әліпби көне түркі тілінің мынадай дыбыстық жүйесін белгілей- ді: 8 дауысты фонема (а мен ө, ымен і, о мен y, өмен ү) төрт қана әріппен, 16 дауыссыз фонема 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыс- сыз фонема (б, ғ-г, л, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқаларының таңбаларымен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 да- уыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. Археологиялық зерттеу барысында жаңадан табылған этнография- лық ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың осы көне жаз- ба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б.з.д. 5-4 ғасырлардағы қо- рымдардан табылған руникалық екі ойма жазу Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпбиі болған- дығын айғақтайды. Мұның бірі - Ертіс бойынан табылған сүйек тұмар- дағы, екіншісі Іле бойынан табылған күміс тостағандағы ойма жазу.