5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінде аталған құстардың атауын теріп жазып, сипаттап айт. Мәтіннен тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін тап.
Баласы: - Әке, сіз маған жерімізді мекендейтін құстар туралы айтып
беріңізші.
Әкесі:
Сен де құстардың досы бол!
(Сұхбат)
Айтайын, балам. Ұмытып қалмас үшін дәптеріңе жазып
ал. Білгенімді айтайын. Оларды мекендейтін жерлеріне қарай бірнеше
топқа бөлуге болады. Алдымен көбінде өзен-көлдерде, теңіздерде тіршілік
ететін су құстарын атайық. Олар: аққу, қарақy (оның түсі қара, тұмсығы
қызыл болады), қоқиқаз, қаз, үйрек, шүрегей, бірқазан, аққұтан,
көкқұтан, жылқышы, бұлдырық, қасқалдақ, шағала, балықшы т.б. Түз
құстарына дуадақты, тырнаны, саралақазды, безгелдекті, бозторғайды,
қараторғайды, құладынды, жалбағайды, қарға-сауысқанды жатқызуға
болады. Көбінде таулы жерді ұлар, саралақаз, кекілік, бөдене, құр, шіл
сияқты құстар мекендейді. Әрине, біз еске сақтауға жеңіл болсын деп
топтағанымызбен бұлардың біразы далалық жерлерде де, ормандарда да,
тауда да тіршілік ете береді. Ал енді қыран құстар деп топтайтын болсақ,
оларды қасқырға түсуден де қаймықпайтын бүркіт батырдан бастайық.
Әрі қарай лашын, сұңқар, қаршыға, жапалақ, тұйғын, қыранқара, үкі,
ителгі, қырғи деп тізе беруге болады. Осыларды дұрыстап біліп алсаң,
кейін толықтыра бересің ғой. Аталғандардың ішінде «Қазақстанның
Қызыл кітабына» енген құстар да бар. Оны өзің кейін біліп аларсың.
Баласы: Рақмет, әке! Шынымен жаттап алмаса, бәрін бірдей есте
сақтау қиын екен.
Әкесі: – Жаттап алсаң, тіпті жақсы, алайда құстардың аттарын білу
аз, әрқайсысының түр-түсін, бір-бірінен айырмашылығын, ерекшелігін
біліп, оларға қамқорлық жасай біл. Сонда сен де құстардың досы бола
аласың.
ПІ
(Кәдірбек Сегізбайұлы)
Аққу, қарақу
Объяснение:
кекілік, бөдене, құржалбағайды, қарға-сауысқандықараторғайды, құладынды,саралақазды, безгелдектіқұстарына дуадақты, тырнаны,кекілік, бөдене, құр, шілұлар, саралақазқарға-сауысқандықараторғайды, құладынды, жалбағайды,