5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ жаз. Мәтіндегі көсемшелердің қалай жасалып тұрғанын айт.
Ассамблеяның қызметі
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері
дері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Эт-
номәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-
ден асады, оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8
тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім
беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүр-
гізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке
пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар балалардан басқа үлкендер де
30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешен-
дері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ
және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек,
ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын
Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар
жарық көреді. Жыл сайынғы халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр -
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантойды атап өту
дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты мін-
дет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамның
барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар
жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан
2010 жылы сәуірде Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды

fcpolva fcpolva    2   10.02.2021 09:51    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi