5. Төменде иммунитетті көтерудің 6 жолы берілген. Топқа бөлініп, постер жасаңдар. Әр
қадамды өз өмірлеріңмен байланыстырып дәлелдеңдер.
1. Дене шынықтырумен айналысу.
2. Салқын сумен жуыну.
3. Таза ауада серуендеу.
4. Күнарлы ас ішу.
5. Уақытында тамақтану.
6. Сүт тағамдарын көп тұтыну.​

mironenkok22 mironenkok22    2   19.10.2020 05:47    5

Ответы
valeralera200 valeralera200  18.11.2020 05:49

ответ

1. Дене шынықтырумен айналысу – мықты денсаулыққа бірінші қадам. Әлсіз адам жиі серуендеуі керек. Жаяу жүру – дене шынықтырудың ішіндегі ең қолжетімдісі. Бұл рете дүкеннен дүкенге жаяу жүріп, уақыт өлтіру есептелмейді. Серуенді асықпай, таза ауады өткізу керек. Ойыңызды табиғатқа бөліп, қоршаған ортаның сұлулығын тамашалаңыз.

2 Жылдам жүру. Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарайды. Ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл-күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтеріледі. Бірінші күні – 1 шақырым, мұнан кейін күндегісін күніге бұл қашықтықты 5 шақырымға дейін жеткізу керек. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеуден гөрі жылдам жүру пайдалырақ.

3. Салқын сумен жуыну. Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаны жөн. Алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап төмен қарай салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет жуынып, уақыт өте көбейтіңіз.

4. Спортпен шұғылдану. Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.

5. Құнарлы ас ішу. Тамақтану арқылы да иммунитетті нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет және т.б. Қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорыту үшін ағзадағы пайдалы заттар жұмсалады, тиісінше иммунитет әлсірейді.

6. Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз. Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар және шырындар бар, олар: тамыр дәрісі (женьщень), қытай лимоншасы және лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны.

7. Сонымен қатар, иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар да пайдалы. Олар ас қорыту жолдарын пайдалы бактериялармен толықтырып, денсаулықтың шынығуына зор үлес қосады

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi