5 сынып қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Бөлім: «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтап алыңыз. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз.

Жануарлар мен өсімдіктер.

Жануарлар дүниесі алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жәндіктердің қазір 1,5 млн түрі анықталып зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді. Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді. Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әр түрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады. Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, саңырауқұлақтардың тұқымдарын жан-жаққа тасымалдаушы. Ал бал арасы гүлдерді тозаңданырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкеші тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді. Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң–тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.

Негізгі ақпарат 1-сұрақ 2-сұрақ 3- сұрақ

2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, бір жемістердің пайдалық қасиетін насихаттап, әжеңізге немесе атаңызға хат жазыңыз. Орфографиялық (қатесіз дұрыс жазу), пунктуациялық (тыныс белгіні дұрыс жазу) сауаттылықты сақтайды.

Сөз тіркестері: құрамындағы дәрумендер, ағзасына пайдасы, иммунитетті күшейтеді, емдік қасиеті, пайдасы бар.

Дескриптор Ұпайы

-мәтінді түсініп оқиды;

- мәтіндегі 3 нақты ақпаратты анықтайды;

- анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады.

- хат жазудың талаптарын еске түсіреді;

- хат мәтінінде сөз тіркестерін қолданады.

- бір жемістің пайдасын насихаттайды;

-орфографиялық, пунктуациялық сауаттылықты сақтайды 1

1

1

1

1

1

1

Барлығы:7 ұпай


5 сынып қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Бөлім: «Жануарлар әлемі

muravyov1910 muravyov1910    3   09.12.2020 09:15    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi