5 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқушының аты - жөні:

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

(168 сөз)

1.Баланы қалай сипаттайды?

[1]
2.Кейіпкер қандай тілек тілейді?

3.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады? А) Ел іші - алтын бесік.
В) Туған жер - алтын бесік.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

4.Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. ер
в. демалу
с. дұшпан

[1]

[1]

[1]

5.Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар Реті
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады.
Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады.
Бала батыр болып өседі.
Көлге шомылып, қарағайдың ортасында демалып жатады.
[1]

Жазылым

Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы досыңызға хат жазыңыз (70-90 сөз). [10]

қою кестесі

оқылым:

Дағды Жауап Жалпы
Оқылым Ер тұлғалы, зор денелі, батыр 1
Өзін тасқа айналдыруын тілейді. 1
Д 1
а. ер - батыр
в. демалу -тынығу 1
с. дұшпан - жау
Оқиғалар Реті

1
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен
айқасады. 3
Пілді жауға қалдырмас үшін
көтеріп алады. 4
Бала батыр болып өседі. 1
Көлге шомылып, қарағайдың
ортасында демалып жатады. 2

Жазылым:

Мазмұны ( ) Тіл сапасы ( )

5 Өте жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Лексикалық минимумды қолдануы
жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы Грамматикалық және
пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4 Жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы Грамматикалық және
пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3 Қанағаттанарлық
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара
ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға
тырысады, стильдік қолданысы орташа. Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2 Төмен
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Төмен Грамматикалық және
пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1 Өте төмен
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.
Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен Грамматикалық және
пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
БАРЛЫҒЫ: ​

karo35 karo35    1   18.05.2021 11:56    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi