5. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. негізгі ақпарат / қосымша ақпарат / факт / көзқарас / идея
Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді. Бірақ пластик қоқыстар – кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды. Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы ең үлкен осы иірімге жиналып қалады. Трейси Минсер, Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологі: – Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған сияқты, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әр нәрсеге жабыса бермейді. Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады. Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады? Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме?» деген сауалдар қояды. Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтер пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтердің геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздемек.