5 Енді ол әңгімені мүлдем басқа жаққа тезірек бұрып жіберуге
асығып: «Алтыаяқ атаңды білесің бе?», «Аязбай атаңды білесін
бе?», «Кертұмсық атаңды білесің бе?» деп жақын туыстар жа
йын сұрап кетіп еді, бала бәрін де көріп жүрген, білетін болып
шықты. Бірақ «Аязбай атамды жақсы көрем», - деп ерекше
таңдау жасады.
Неге? - деді Есмағамбет аз-кем таңырқап отырып,
- Өйткені ол балмұздақ сатып әперген. Мынша рет, - деп бала
екі саусағын шошайтты.
Өзгелері балмұздақ сатып әперді ме?
- Жоқ-к,
деп бала басын шайқап, кiржиді. Кіржиюі «олар
балмұздақ сатып әперуді қайдан біле қойсын» дегендей менсінбеу
еді.
- Балмағамбет атаң ше?
- Ол сатып әпермек түгілі... тамағың ауырады деп ұрсады...
Бала «бұл атамды да қойшы» дегенді аңғартқандай тағы да кір-
Балмұздақ мәселесі Есмағамбеттің өзін де ойландырып тас-
тады. Өйткені оның ендігі жерде, Сержанға балмұздақ алып бер-
меске айла, амалы да қалмағандай.
Жоспар құру керек :<