5. Дайындау, шығару, өндіру етістіктерін жедел өткен шаққа айналдырып жазыңыз. [1] 6. Басталу, жету етістіктерін ауыспалы келер шаққа айналдырыңыз. Оларды қатыстырып екі сөйлем құраңыз. [2]
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз. [7]
1. «Туған жерімнің қазба байлығы»
2. «Қоршаған ортаға менің көзқарасым»
Текст
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз құрт немесе жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан, оны тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіру жолын Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, құпия өндіру тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Олар жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.