5/ Айтыстағы Біржан бейнесін, оның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, ішкі психологиясын танытатын жолдарды анықтаңыз. [1] А) Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ,
Теңестеп айыбыңды тізсем қылға.
Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң,
Келімсек әкең неге берді құлға?

В) Қырымға қарайтұғын қыран құспын,
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.
Айнымас қанды балақ ақ иықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.

С) Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып.
Жеңген жоқ Көшімбайың о да аңдып.
Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,
Жаманын көтереді арғын сән қып.

Д) Шақыртып нағылады оны Біржан,
Көруге ынтық емес соны Біржан.
Арғыннан асып кеткен бай болмайды,
Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.

6/ «Біржан-Сара» айтысында Сараның иронияны қолдану ерекшелігіне 4-5 сөйлеммен баға беріңіз. [3]

7/ Қазыбек бидің «Не қымбат?» деген сауалға берген жауабын автор бейнесімен байланыстыра отырып талдаңыз. [3]

8/ Егер сен айтыскер ақын болсаң, қандай әлеуметтік тақырыптарды қозғар ең? (3-4 сөйлем) [3]

9/ «Сырым мен Балаби» әңгімесіндегі Сырымға жазбаша мінездеме беріңіз. (5-6 сөйлем).[3]

10/ «Жыраулар поэзиясы – өз дәуірінің айнасы» тақырыбына баяндаудың тірек-сызбасын жасаңыз? (3-4сөйлем) [3]

11/ Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдаңыз. [10]
1/ Би-шешендердің аталы сөздеріндегі ойлар қазіргі кезде өзекті ме? Өз ойыңызды талдап жазыңыз.
2/ «Біржан мен Сара» айтысындағы бейнелі сөздердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.

CoreyTaylor666 CoreyTaylor666    1   30.10.2020 14:05    242

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi