4сұрақ құрастыру Қазақтың дәстүрлі дастарқаны, негізінен, малшаруашылығының енімдері мен сүт тағамдарынан құралады. Ал егіншілік өнімдері
астық, кегеніс, жеміс-жидектер ұлттық тағамдарға қосалқы нәр бе
руші, дәмдегіш ретінде саналған.
Қазақ халқы мал етінен түрлі тағамдар дайындаған. Суға қайна-
тып, майға қуырып, қақтап, қарып пісірудің тәсілдерін жетік пайда-
ланған. Оларды сақтаудың бірнеше түрін білген. Сақтаудың әдіс-тәсіл-
дері көшпелі тұрмыстың ауқымында санғасырлық тәжірибе негізінде
қалыптасқан.Еттен қарын бөртпе, қимай, қуырдақ, ми палау, сорпа, сірне, ұл-
першек, шұжық, қазы және т.б. тағамдар әзірлеген.
«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамдарын да ерекше
қастерлеп, құт-береке, несібе деп киелі санаған. Абайсызда ақ төгілсе,
оған саусағын малып, мандайына жағып, ырыс-құт кетпеу ырымын
жасайды. Түйе мен биенің сүтінен қымыз, шұбат, сиырдың сүтінен
айран ұйытып, сарымай шайқап, қатық, сүзбе, құрт сүзіп, ақ ірімшік,
қызыл ірімшік, ежiгей қайнатып, алуан түрлі тағамдар әзірлеген.
Шөл қандыру үшін айранға су қосып, шалап жасаған.
Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшы-
лыққа бет алған дәуірден бастап, нан, жеміс, көкөніс тағамдары
тұрақты мәзірден орын алды. Астықтан дайындалатын негізгі тағам-
ның түрлері - бауырсақ, нан, шелпек, тоқаш. Тарыдан да сан алуан
тағам түрлерін әзірлейді.
Қазақ үшін дәмнен, дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқан ба-
сындағы сұхбат-әңгіме, ән-жыр қазақ мәдениетінің мәйегі іспеттес.