41)заттың саналу ретін білдіретін сан есімнің сұрағы
қаншадан?
нешеу?
неше?
нешінші?
шамамен қанша?

42)қай сөйлемде сан есім бастауыш болып тұр
қазақтар жеті санын киелі санайды.
биыл ол он тоғызға толады.
білекті бірді жығады, білімді мыңды шығады.
жиырма бір жетіге қалдықсыз бөлінеді.
ауылда қалғаны – он-он бес үй.

43)күрделі сан есім
жетеу
жиырма екі
екінші
елудей
отыз

44) топтау сан есімі
бес жүз шақты
отыз-қырық
екі-екіден
жетінші
екі мыңға таяу

45) туынды сан есім
үш
қырықыншы
тоқсан екі
жиырма
сегіз

46)есептік сан есім қатысқан сөйлем
арада жыл жарым уақыт өтті.
құдасының аулына ұлжан отыз шақты кісімен келген.
күллі ақыл мен ғылымды аздыратын төрт нәрсе бар.
он бес - жиырма мың теңге жәрдемақы берілді.
мен 11 сыныпта оқимын.

47)бөлшектік сан есім
жүздік
үшеуіміз
бірлік
үштен бір
ондарда

48) болжалдық сан есімнің жұрнақтары
-ау,-еу
-даған, - таған
-ыншы,-інші
–дан, -ден
– лап, -леп

49)–ларда, -лерде қосымшаларымен жасалатын сан есім түрі
топтау
бөлшектік
реттік
болжалдық
жинақтық

50)бес жүзге жуық
жинақтық сан есім
бөлшектік сан есім
топтау сан есім
реттік сан есім
болжалдық сан есім

Зорро2017 Зорро2017    2   11.01.2020 19:26    1

Ответы
aish17 aish17  05.08.2020 13:58

41)Нешінші?

42)Жиырма бір жетіге қалдықсыз бөлінеді.

43)Күрделі сан есім-жиырма екі

44)Топтау сан есім-екі-екіден

45)Туынды сан есім-қырықыншы

46)Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсе бар-есептік сан есім

47)Бөлшектік сан есім-үштен бір

48)Болжалдық сан есімнің жұрнақтары-даған,таған,лап,леп

49)Болжалдық сан есім

50)Бес жүзге жуық-болжалдық сан есім

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi