4. Қытай кітапханасы туралы мәліметтермен кестені толықтырында Орналасқан орны
Жинақ көлемі
Оқырмандар саны
Басқа да ақпарат
Веб-сайт​

РаминаГасымлы РаминаГасымлы    1   18.04.2021 18:56    3

Ответы
dovgelarina195p08ovl dovgelarina195p08ovl  18.05.2021 18:58

Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар.

Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.

Әлемнің санаулы кітапханаларының бірі Қытай Ұлттық кітапханасы 140 мың шаршы метрлік алаңға салынған. Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек.

Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған.

Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді.

Қытай Ұлттық кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып отыр. 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар.

Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды - осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi