4 вопроса по стихотворение. Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердіңБасын кессем деп едім!

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңіреген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Хан баласы - ақсүйек,

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас! ​

рузмохинур рузмохинур    3   18.01.2021 12:08    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi