4-тоқсан бойынша қазақ тілінен жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып
Бөлім тақырыптары: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Ғылыми фантастика. Оқшау сөздер
Тапсырмаларды орындауға берілетін уақыт: 40 минут
1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңдар
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар
2. Мәтінге тақырып қойыңдар
3. Өлеңнен өздеріңе ұстаным етіп алатын жолдарды таңдап, төменде
берілген үлгіге сәйкес жалғастырып жазыңдар
Мысалы: Туа біткен туралықтың тарланы
1.
2.
3.
4.
тжб берем