4-тапсырма. Төмендегі ережелердің шын (Ш) немесе жалған (ж) екендігін табыңдар. k, А. к III Ж Сөйлем Сөздік құрам мен сөздік қор бірімен-бірі мүлдем байланысты емес. Екеуі екі түрлі ұғым. Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік құрамға кірмейді. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамының ең бай әрі күрделі қабатын орыс тілінен енген кірме сөздер құрайды. Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Терминдердің лексиканың басқа түрлерінен айырмашылығы олар көпмағыналы болып келеді: оларда эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болады. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Неологизм деп бір тілде жаңадан пайда болған және көпшілік арасында қалыптасып қойған жаңа сөздерді айтамыз.