4-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз Мысалы: Робот — тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Тірі ағзаға
Жауабы: Тірі ағзаға ұқсайтын автоматты құрылғы - робот.
Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген.
Чех жазушылары
1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді.
«Алтын-Емел»
Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.
Әлемдегі
Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді .
Қазақ халқын
Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады
«Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында