4-тапсырма. Суретте бейнеленген спорт түрлері жайлы не білесіңдер? Спорттың денсаулыққа пайдасы жайлы айтып беріңдер.


4-тапсырма. Суретте бейнеленген спорт түрлері жайлы не білесіңдер? Спорттың денсаулыққа пайдасы жайл

тахмина36 тахмина36    1   25.10.2020 19:57    9

Ответы
яяя615 яяя615  24.11.2020 19:57

Спортпен айналысудың өте пайдалы екені жиі айтылып, жарнамаланып жатады. Мамандар спортпен айналысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп алуға кеңес береді.

Себебі денсаулығыңызда ақау бар болса, спортпен абайлап айналысу керек. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді. Бұл токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап, адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда зат айналу баяу жүріп, ақырында ауруға шалдығады.

Қандай спорт түрлері пайдалы?

Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккеймен өте пайдалы. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдыландырады.

Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды қаласаңыз, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көріңіз.

Жаттығудан кейін бірден тамақтанбаңыз. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылдаңыз. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдыланыңыз.

Егер спортпен айналысуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi