4-тапсырма. Мәтінде қандай жоба туралы айтылған? Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырылар
Қазақ тілін үйрететін мобильді қосымша жасаған екі дос
Қазіргі таңда IT технологиясын еркін меңгерген білімді,
жасампаз оқушыларды қолдау мақсатында «Infomatrix жобасы
атты халықаралық жарыс өткізілді. Бұл халықаралық жоба 4
секциядан тұрады: Programming, Computer art, Hardware control,
Robotics. Онда барлығы 10 мемлекеттен 50-ге тарта жоба қатысқан,
Ал жалпы саны 4 секция бойынша 272 жобамен 500-ге жуық
оқушы сайысқа түскен. Павлодардағы «Білім-инновация» лицейінің
шәкірттері Шыңғыс Рахат пен Абдулғафар Берсүгір осы жобада
өздерінің бактарын сынап, үшінші орынға ие болды. Олар қазақ
тілін үйрететін мобильді қосымша жасап шығарды. Ол үшін қазақ
тілінің заңдылығын жазған ғалымдардың еңбектерін көмекші
курал ретінде қолданған. Ана тілімізді жаңадан үйреніп жатқан
адамдар үшін қазақ тілінің ережелерін, заңдылығын бірден игеріп
кету қиынға соғады. Бұл мобильді қосымшаға деңгейлік кезеңдер
бойынша тапсырмалар мен көмекші сөздер енгізілген. Сондай-ақ
қалыптасқан ауызекі сөйлеу тілінің бірнеше баламасы ұсынылған.
bilimsite.kz сайтынан определить смысл текста​

MrXMen MrXMen    1   26.11.2020 17:05    1