4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Зергерлік өнер – қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала
елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер
көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға
білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Сырға - құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым, «Сырға тіл-көзден
сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма-
сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» - деп тілек айтқан.
Білезік – ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Кыз
бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған, Білезікті екі
қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей
бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен
соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» – деп тілек айтқан.
Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.
Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым,
Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген.
Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.
Во по тексту
1. Қазақ әйелдері мен қыз балалары қандай зергерлік әшекей бұйымдарды
таққан?
2. Шеберлер зергерлік бұйымдарды неден жасаған?
3. Білезікті қыз бала неше жасынан таққан?
4. Әшекейді қандай мақсатпен таққан?​

myasovkavlad myasovkavlad    3   21.04.2020 16:00    0

Ответы
Meow444 Meow444  24.08.2020 01:01
1. Қазақ әйелдері мен қыз балалары білезік, сақина, жүзік, сырға таққан
2. Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген, білезікті алтын-күмістен соққан.
3.Қыз балаға 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік таққызған.
4. Әшекей бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен таққан
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi