4-тапсырма. Мәтінді оқып, әр абзацтағы ойдың берілу тәсілдерін анықта (ақпарат беру, талдау, қорыту, хабарлама жасау). Адам денсаулығының жақсы болуына оның көңіл күйі мен төңі- регінде болып жатқан жағымды өзгерістердің маңызы ерекше. Қуа- ныш, сүйініш, таңдану, сүйіспеншілік сезімдері адамның денсау- лығына жақсы әсер етеді. Оның дене құрылысының өсіп-жетілуін жақсартады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал болмашы нәрсеге күйіну, қайғы-қасіретке түсу немесе біреудің табысына қызғаныш біл- діру, жек көру сезімдері адамның денсаулығын нашарлатады. Әлемге әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина ауруларды емдеп, сауықты- руда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажет- тігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптеген мақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөз жанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазы- луына жәрдемін тигізеді» т.б. Адамның рухани күйі мен ішкі сезімі - денсаулықтың кепілі. Көңіл күйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніңіздің сау болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыздың «Жаны саудың тәні сау» деген мақалы өмірден алынған. ( «Денсаулық халык байлығы» кітабынан )