. 4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Жұбыңа сұрақтар қойып, оның жауабын бағала. Дағдарыс алғаш рет 1825 жылы Англияда, содан соң Англия мен АҚШ-та (1836 ж.), 1841 жылы АҚШ-та, 1847 жылы АҚШ, Англия, Франция және Германияда болған. Бұлардан соң тарихта 1873, 1882, 1890 жылдардағы дағдарыстар орын алды. Бәрінен бұрын экономиканы күйзелткені 1900—1902 жылдардағы дағдарыс болды. Ол бір уақытта Ресей мен АҚШ-та орын алып, алдымен металлургия өнеркәсібіне нұқсан келтірді. Дағдарыс америкалық металл нарығына әсер етіп, бірінші Англияға, содан соң Еуропа континентіне ауысты. Тігін өнеркәсібі, одан кейін құрылыс, химия, көлік, электр өнеркәсіптері бірінші болып зардап шекті. Дегенмен XIX және ХХ ғасырлардағы дағдарыстар одан шығудың жолдарын да көрсетті. Дағдарыстың тереңдеуі барысында балалар бірте-бірте құлдырап, өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды.