4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Үзінді қандай стильге жатады (хат, мақала, очерк т.б.)? Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде, өзіңе-өзің сенімді боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл дейді халық мақалы. Сен бірде ауырып оқуға бара алмай қалдың делік. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғызсырай бастайсың. Көңіліңе сағыныш ұялап, достарыңды көргің келеді. Достарың денсаулығыңды сұрауға келгенде, төбең көкке жеткендей қуанасың. Достан жасырар сырың жоқ. Ол қашанда жан дүниенді бірден түсінеді. Егер сенің осындай досың болса, оны қадір тұт. Онымен ренжіспе, оған жәрдем етуге әрқашан да әзір бол. Адалдық – достықтың ұлы заңы.