4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай жанрда жазылған (мақала ма, күнделік пе, очерк пе)?
1859 жылы менің қоқан саудагерінің атын жамылып қоқан
керуенімен Қашқарға өтуімнің сәті түсті. Әйгілі Марко Поло
(1272 ж.) және португалдық иезуит Геос Бенедиктен кейін бұл елде
екі-ақ еуропалық болған. Оның бірі – ост-үнді қызметінің офицері,
аты-жөні белгісіз, бірақ саяхаты жайында қызғылықты жазбалар
мен жолсапар жобасын қалдырған неміс те, екіншісі
екіншісі - прусс ғалымы
Адольф Шлагинтвейт...
Қашқар Қытайдың түстік желісіндегі провинциясының округтік
қалаларының қатарына жатады. Былайша айтқанда, Зұлқарнайын
қолбасшысы Птолемей заманынан бері үлкен керуен сарайларымен,
әсіресе кең өрістеген шай саудасымен аты шыққан шаһар. Азия
үшін Қашқар бізге Қияқты, еуропалықтарға Шанхай мен Кантон
қандай болса, сондай. Осынау даңқына орай бұл Азия саудагерлері
құрлықтың шалғай-шалғайынан ағылып келіп жататын орынға
айналған. Мұнда парсылық пен тибеттікті, Еділ татары мен үндісті,
ауғандарды, армяндарды, жәйттерді, сығандардың мультандары
мен лулуларын және қашып жүрген Сібір казак-орысы, өзіміздің
отандасымызды ұшыратуға болады...​

ada9797 ada9797    2   13.05.2021 10:45    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi