4 -тапсырма.
Өлеңді оқы. Өлеңдегі өзіңе ұнаған ойды негізге алып, диалог құрыңдар. Түсіндірме сөздікті
пайдаланып, қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын нақтылаңдар.
Буынсыз он саусағы күй қағуға,
Көңіліне тыңдағанның от жағуға,
Бал тамған бармағынан домбырашы
Жан терге түсіп отыр мына дуда.
Күйшінің қошеметке көңілі тасып,
Бес бармақ маймаң қақты, перне басып,
Толқынтып тоқсан күйді дүрілдетті,
Көңілді бірде шымшып, бірде қысып,
Екі ішек жүрек жарып, көңіл ашып,
Бірде ойнақ, бірде баяу сыбырласып,
Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің -
Бәрін де лақылдатып, төгіп-шашып зарание
Бал тамған-
Маймаң қақты-
Ойнақ-