4-тапсырма. Етістіктердің қай рай тұлғасын қабылдап тұрғанын айтыңдар. 1. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын! (мақал.) 2. Асып
бара жатсаң, еліңмен бөліс. 3. Күнің барда, күліп жүр! 4. Қазақтың
үміті ақталмаса, елде тыныштық сақталмайды (М.Жолд.). 5. Тату
елдің тамағы таусылмайды. 6. Барайықшы жылғаға, барайықшы
жылғаға, барайық та жылғаға, тебейікші сырғанақ (М.М.). 7. Менің
оны білгім келіп тұрған жоқ еді (Ғ.Мұс.). 8. Басы биік ақ шыңға,
шынар болғым келеді, Жаны биік жақсыға, сыңар болғым келеді
(Қ.Б.). 9. Таза ойлап, татулық іс табалық! 10. Жау жоқта, тіпті
жауды сағынбалық! (Шәкәрім.) 11. Сайлауға келген ұлық әуелі сол
сайлау жағынан бастаса игі еді! (М.Ə.) 12. Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ белге асырар (мақал). 13. Халықтың ұлы болмасаң, менің
де ұлым емессің (Қ.М.). 14. Бүлінгеннен бүлдіргі алма (мәтел).