4 - тапсырма . Берілген оқылым мәтініндегі асты сызылған сөз тіркестерін қолданып , қосымша білім ақпараттарын қосып , пікір жазыңыз . Көлемі 80-90 сөз Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды . Алғашында ғалымдар а ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады . Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды . 1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан . Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген , алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі елген . 2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа , мысық , және ит ұшырылған . 3 . Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген , иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см , салмағы 6 кг болу керек болған . Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген . Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті болған . 4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық , ұшуға Лайка есімді ит ұшқан , ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай болғандықтан , ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған . Алайда ғарыш кемесінде салмақсыздық байқалып , ит ыстықтан өлген . 5. 1960 жылы ғарышқа Белка , Стрелка иттері мен тышқан , егеуқұйрық , шыбын ұшырылған , ғарыш кемесі жерге сәтті оралған . Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам барады деген тұжырым бар.