4-тапсырма. 44-стр. Прочитайте текст. ответье на вопросы. Қазақстанда қандай опера және балет театры бар? Театрдың қандай дарынды әртістерін білесің? Астана опера театры алғаш рет қандай операмен ашылды? Астана опера театрының аумағы қандай?

molik111105 molik111105    2   08.02.2021 17:28    2

Ответы
  10.03.2021 17:29

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылды және оның ашылуы астананың елу жылдығына орайластырылған. 2013 жылы 21 маусымда «Астана Опера» театры ұлы қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бірінші театр маусымын салтанатты түрде ашты. 2013 жылы күзде әлемге есігін Джузеппе Вердидің «Аттила» өлмес операсы қойылымымен ашқан «Астана Опрера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті.

Ол техникалық және көркемөнер жетістіктерінің бірқатарын байланыстырған ғажайып кешен ретінде жобаланған және Миландағы «Ла Скала», Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера» сияқты әлемдік деңгейдегі әйгілі және айтулы опера және концерт залдарының қатарына толық заң бойынша енген. Оны тұрғызу үшін тек қазақ шеберлері ғана емес, Швейцария, Италия, Албания, Ресей, Марокко елдерінің мамандары да еңбек еткен. Тұтас алғанда жоба эллинизм, маньеризм, барокко сарындарына ерекше көңіл бөлініп классикалық мәнерде жасалған. Жарықтандыру мен ложалар ярусының, бес балконның түстік гаммасы алтын түстес болып құбылып тұрған доминанттық кәріптас түсті реңкімен көрермендердің назарын жалықтырмай, сахнаға бөгет жасамай, жылулық пен жайлылық сыйлайды. «Астана Опера» театры өзіндік бірегей дыбыстық сипаттамаларымен мақтана алады. Акустикасын жасауда еңбек еткен Италия мен Германиядан келген жетекші мамандар. Театрға кіретін басты есіктің алдындағы діңмаңдайшаны мүсіншілер Мұрат Амангелдіұлы Мансұров пен Тоқтар Тишқұлұлы Ермековтың «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» мүсіндік композициялары безендіріп тұр. Театрың төбесіне орнатылған квадриго сақ патшайымы Томиристің бейнесінде, авторы Қанат Нұрбатұров

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi