4. Шешендік сөздер. Төле би мен Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, замануи үлгіде, жаңаша ой (көзқарас, ой, пікір) білдіру. Сөз саны 150-170 сөз

Төле би: Уа, халқым! Сөз қадірін білетін жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Жұмбағым мынау:

бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.

-Ұлы аға, жұмбақты шешуге рұқсат етіңіз-деп Қазбек би шығады.

Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім

Қазыбек би:

Бір дегенім -бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегенің -егесіп өткен ер жаман,

Үш дегенің- шошынған ат жаман,

Төрт дегенің -төсектен безген жас жаман,

Бес дегенің- белсеніп шапқан жау жаман,

Алты дегенің -асқынып кеткен дерт жаман,

Жеті дегенің - келіншек жесір қалса сол жаман,

Сегіз дегенің -серпілмеген қайғы жаман,

Тоғыз дегенің- торқалы той жаман,

Он дегенің кәрілікке дауа болмас, сол жаман.

natasha20170605 natasha20170605    1   24.12.2020 06:42    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi