4. Сөйлемдерге шылаулардың тиістісін қосып, байланыстырып жазыңдар. Шылаулар
қатысқан (сондықтан, сол себепті) 2-3 сөйлеммен қорытындылаңдар.
о
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады. Күн батарда көк-
жиек қызыл шапақ шашса, ауа райы жылынады. Ай шалқалап туса, ауа райы
жайсыз болады. Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі. Жаз найзағайлы
болса, қыс жұмсақ өтеді. Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
Үй тапсырмасы
5.
Шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар. Жақшаны ашып, шылау мен жалғауды
емлесі бойынша бірге не бөлек жазыңдар.
Жылан мезгілін (де) ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады. Ордалы
жылан (мен) құрт-құмырсқа топ-тобы (мен) басқа жаққа көше бастаса, таби-
ғаттың тосын апаты болады. Аққу оңтүстікке кеш қайтса, күз ұзақ (та) жайлы
болмақ. Мысық босағаны тырналап мазасызданса, ауа райы бұзылады, жел
тұрады немесе боран болады. Қаз (бен) үйректер қиқулап, қанаттарын қомдап
мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады.
(Сейіт Кенжеахметұлы)