4. Мәтіннен оқшау сөздерді тауып, сининимдік қатарын жаз.
Ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Шынында да, Шәкәрім өмір сүрген жылдары медицинаның ортопедия саласында «ішек жалғау», «ерін, мұрын жамау» секілді пластикалық операциялар жасала қоймаған-ды. Оны автордың қайдан ойлап тауып жүргені? Демек, Шәкәрімнің өлең жолдары – ғылыми-фантастиканың еншісіндегі атрибуттар. Тағы бір жағынан алып қарасақ: Осыншама өнер тауып, асқан адам, Әлемнің қиын сырын ашқан адам. Ол үшін өмірге де айла табар, Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!.. Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы. Шәкәрім болса, “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана “өлмей, жетер бірталай жасқа да” дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арман, қиялы десе де болады. Қорытындылай келе, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге болады.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/48378