Ай - Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден кіші. 1969 жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер ұшты. Айда олардың іздері сақталған. Себебі, Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ. Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ, адамдар болашақта Айға үй салып, өмір сүруін армандайды.