4. Екі кестедегі сөздерді байланыстырып, жазу түрлері жайында әңгімеле. Мағына, көрініс, оқиға, та- рих, мәдениет, ұғым, өмір туралы, тас пен жартастар, көптеген. Бейнелеу, нақыштау, жазу, береді, таңбалау, айту, су- реттейді, сипаттау, қашан сызу, баяндау.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары