4. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіндегі төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібінің сызбасын көрсетіңдер. - Табиғаттағы өзгерістер аспан шырақтары мен жұлдыздарға тікелей байланысты, – деді Асқар. Самал: - Бұл құбылыстардың жыл сайын жылдың белгілі бір мерзіміне тура келе- тінін халқымыз біліп отырған, - деді. Сайлау былай деді: – Жұлдыздарға қарап, бағытты анықтауды қазақтар ертеден білген. — - Иә, дұрыс айтасың, - деді Сәуле, - олар Темірқазықты, Үркерді, Үшақар- Таразыны, Құсжолын белгілеп, адаспай жол тапқан. 2-деңгей. Сөйлемдерді төл сөз бен автор сөзі болатындай етіп құрастырыңдар. «Ауыл-үй қонды» – Ай мен Үркердің бір-бірімен жақын келген күні, «Тоғандасты» - Үркердің Ай орағының немесе табағының тасасында көрін- бей қалуы. «Өріп шықты» - Айдың Үркерді басып өткен үшінші күні. 3-деңгей. Аңыздың жалғасын жазып, мәтінді аяқтаңдар. Қазақтан басқа түркі халықтарында аз ұшырасатын космогониялық миф- тердің бірі – Жетіқарақшының Үркердің қызын ұрлауы туралы аңыз. Аңыз жұлдыздардың қозғалысын бақылау нәтижесінде кейінгі замандарда пайда болса керек. Қазақ халқында бұл аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Бірінде Жеті- қарақшы Үркердің қызын ұрлайды. Үркер қызын қайтарып алу үшін үнемі Жетіқарақшыны қуып жүреді