 LenaVolotova 
                                                18.08.2019 08:10
                                                
                                                LenaVolotova 
                                                18.08.2019 08:10
                                             AndreiBrazhnikov1 
                                                18.08.2019 08:10
                                                
                                                AndreiBrazhnikov1 
                                                18.08.2019 08:10
                                             karinademina8 
                                                18.08.2019 08:10
                                                
                                                karinademina8 
                                                18.08.2019 08:10
                                             apexXx 
                                                18.08.2019 08:10
                                                
                                                apexXx 
                                                18.08.2019 08:10
                                             vipparamonova1 
                                                10.12.2021 12:03
                                                
                                                vipparamonova1 
                                                10.12.2021 12:03
                                             sallga 
                                                01.03.2021 19:32
                                                
                                                sallga 
                                                01.03.2021 19:32
                                             S1mplendnnd 
                                                01.03.2021 19:32
                                                
                                                S1mplendnnd 
                                                01.03.2021 19:32
                                             superserg2015 
                                                01.03.2021 19:32
                                                
                                                superserg2015 
                                                01.03.2021 19:32
                                             Sergey15211 
                                                01.03.2021 19:32
                                                
                                                Sergey15211 
                                                01.03.2021 19:32
                                            
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:
«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.
Наурыз біздің ата бабамыздан келе жатқан мерекелердің бірі.Бұл күнде күн мен түн теңеседі.Бұл мерекені біз жылсайын көже дайындап,ұлттық киім киіп,оиын сауық құрамыз.МЫСАЛЫ асық атк,арқан тартыс,көкпар және т.б.Сонымен қатар жас- кәріге дастархан жайамыз.