4. 1. - Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін? деді садақ ұстаған ЖІГІТ. Шарасын таппай дал болдық... - Ойбай. Әне... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. Аждаһа Күлән деген жесір әйелдің үйінің жанындағы... суы тартылып кеткен... ескі құдықтан шығады. Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасаң басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді. Аварван әкеліңдер! деді сосын одан отты жанарын алмастан... Жасаң басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді, Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да кері бұрылып, ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды. ІІ. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһа қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты... Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын KIM түсінер дейсің?! Өз кезімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сәл иіп сәлем берді: — Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз! алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бул Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен «Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды. по этому тексту составить 3 вопроса

kotik53Tv kotik53Tv    2   25.11.2021 05:57    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi