30 переведите қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді«зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер»деп атаған. зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар пайдаланылған. зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған.қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілігінде және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.