3-тапсырма. (жазбаша) Талқылау сұрақтары:
Аспалы бақты тұрғызған патшаның әрекетін ерлікке теңеуге бола ма?
Өшпес махаббат символына айналған-Тәж-Махал мен Аспалы бақтың тарихы ұқсас деп есептеуге бола ма?
Қазіргі заманда аспалы бақты қайта қалыпқа келтірсе не болар еді?
Бүгінгі заманда ғашығы үшін адамдар қандай ерлік істер жасай алады?

Текст:
Семирамиданың аспалы бағы(мәтінді екі рет тыңдайды)
Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады.
Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады…
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәти-жесінде аспалы бақтың қал-дықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

natakubkina78 natakubkina78    2   21.10.2020 09:36    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi