3-тапсырма. Жақсымен дос болсаң,Алдыңнан шығар елпектеп...Жаманмен дос болсаң,Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып,
еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз.

kseny07 kseny07    3   06.03.2021 17:59    20

Ответы
Ferzpi Ferzpi  06.03.2021 18:00

Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.

Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.

Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» дейді. Немесе «күлме досыңа, келер басыңа» деп қысқа қайырсақ та болады. Досқа күлгенің – оның арына тигенің, оған сатқындық жасағаның. Досыңды сатқан күн әйтеу бір уақытта айналып өз басыңа келеді. «Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа» дейді халқымыз.

Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Сөйтіп досың да көбейеді. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi