3-тапсырма. Үзінділерден көркемдегіш құралдарды тауып, олардың түрлерін ажыратыңыз. Көркемдегіш құралдар
Үзінділер
Дағыстанның кең аңғары, күн ыстық,
Көкірегімде орнаған бір тыныштық.
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде,
Жер болады балғын тәнім менің де.
Мен жатырмын қара жерге табына,
Көрмейді ешкім, келмейді ешкім маңыма.
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен,
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен.
Естідім мен осы арадан үнін де,
Екі кісі сөйлесті авар тілінде.