3-тапсырма:Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы, бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің?!» деген сөйлем Сізге қандай ой салды? Өз ойыңызды «Ақбозат кімге бұйырды?» деген тақырыптағы әдеби эсседе білдіріңіз. (100-120 сөз сейчас

vasifalieyev001 vasifalieyev001    2   04.03.2021 12:49    3

Ответы
Remrans Remrans  03.04.2021 12:50

Тортай мен Ораш дос.Тортай 2-3 жас үлкендігі бар болғандықтан Орашқа қамқорлық жасап жүреді.Тортай жуас,тұйықтау,құлағының мүкістігі бар,жетім бала.Ол тек Орашпен ғана ашылып сырласады,өз арманын айтады.Тортайдың басқа балалардан айырмашылығы кітаптан бас алмай оқуы.Көп оқиды,көп біледі.Арманы Алматыға барып білім алып,жазушы болып,кітап жазу.Ол-Тортайдың ақ боз атты арманы.Сол арманына жете алмайтындығын сезген жетім бала Тортай досына ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты:Мен үшінде оқы,бәлкім,мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің-деді.Тортайдың бұл сөзі оқырманға жақсы ой салады.Тортайдың бұл сөзінен оның ағалық қамқорын,досқа адалдығын,ақылдылығын,алысты көрер ойының ұшқырлығын,мен жете алмасамда Ораш жетсінші деген,- арман тілегін көреміз.Тортайдың арманы орындалады.Ораш кейін жазушы болып,Тортай туралы әңгіме жазды.Өзі міне алмаған ақ боз атты,әңгіменің арқауы болып Орашқа мінгізді.Бұл шығармада жетім бала Тортайдың қасиеттері мен Ораш екеуінің қарым-қатынысы,екеуінің достығы,білімге құмарлықтары ,армандары тартымды суреттелген.Шығарманы оқуға оқырманның құмарлығы артады.Қарапайым тілде суреттелген шығарма желісі оқырманды қызықтыра түседі.Ауыл табиғаты,ауылдың күйбің тіршілігі,балалардың өмірі көркем суреттелген,көрнекті шығарма.

Объяснение:

это правильна сама проверила

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi