3-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыз 1. Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз. А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері Б)Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері В)Синтаксистік қызметі бірдей, өзара тұлғалас сөйлем мүшелері Г)Бір сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері Д) Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері 2. Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі? Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді. А)Бірыңғай анықтауыш Б)Бірыңғай баяндауыш В)Бірыңғай толықтауыш Г)Бірыңғай бастауыш Д)Бірыңғай пысықтауыш 3. Бірыңғай анықтауышты табыңыз. А)Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр. Б)Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды. В)Біз таудың ең биік шыңына шықтық. Г)Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек. Д)Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр. 4. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз. А)Абайдың жалтаң сөзді сүймейтін ,жақтырмайтын мінезі бар. Б)Шәкенді,Баймағанбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді. В)Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты. Г)Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын Д)Еріншектің ертеңі бітпес. 5.Бірыңғай пысықтауышты табыңыз. А)Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды. Б)Бір батальон артта, алыста. В)Жүрісіміз-кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс. Г)Түнде не қойынды,не өзіңді жұтып қоятын сияқты. Д)Мәкiш Абайға кінәлай да, сынай да қарады. Бірми