3-тапсырма. Төменде берілген өленді оқып, түсінгенінді мазмұндаги жаз,
Бабаларым, рақмет сендерге!
Мұқшали Макатаев
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Балаларым болмасын деп көр-кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын
Қобызынның шанағынан тындадым.
Құлазыған сенің құла түздерің
Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын
Ауызекі аңызынан іздедім.
Мен білмеймін,
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жәннат-бақ,
...Әлдеқалай тасқа түскен таңбана
Табынамын, тарихымдай ардақтапі.
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашгIайды тау-тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысының тағдырын
Домбыранның пернесінен іздедім.
Іздедім де, сәттерімде түңілген
Тастап кеткен аңызына жүгінгем.
Жүгінгем де, қайта туғам, тiрiлгем;
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!