3.Тапсырма Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар жөнінде мысалдар келтіре отырып, «Айтыс өнерінде кездесетін ұлттық құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жазыныз (көлемі 120-140 сөз

adadurovf adadurovf    3   02.12.2021 08:53    9

Ответы
Йщщ Йщщ  02.12.2021 09:00

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.

Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.

«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi