3-тапсырма. Сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, көшіріп жазыңдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.
1. Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді мылтығының шаппасы
жүрмей тұрып алды (І.Ж.). 2. Жазғы күннің ыстығы қайтып кеш батуға
тақалған (М.Ə.). 3. Құдық басындағы жиынға екі-үш ауылдың күндегі
жиылатын еркектерінің бәрі жиылса да бастық сияқтанып отыратын
Ысмайыл ақсақал бүгін келген жоқ (М.Ə.). 4. Салт аттылар мен ат
шана өтіп кетті бірақ Әбдірахман терезеге сүйеніп ұзақ тұрды (Х.Ес.).
5. Сөз бергенге ерме бөз бергенге ер (мақал).